Қордай ауданында әскери қызметшілер бес адамды құтқарып қалды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері бес тұрғынды отқа оранған үйден шығарды, оның үшеуі бала. Өрттің себептері анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Әскери қызметшілер Қордай ауданының Сортөбе ауылында өртеніп жатқан үйден бес адамды құтқарып қалды.

Капитан Ержан Арыстанбеков пен патрульде жүрген қатардағы әскерилер Ерқанат Базарбай мен Нұрбек Дүйсенбин сенбі сағат 7.30 кезінде үйлердің бірінің шатыры жанып жатқанын көріп қалады.

«Әскерилер өртеніп жатқан үйден бес тұрғынды шығарып алды, оның үшеуі бала. Жедел штаб оқиға орнына екі көлік жіберді, олар үш минутта жетті», – деді хабарлады Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.

Өрт шыққан аудан қоршауға алынды. Өрт сөндіру көліктері апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді.


©
Photo : пресс-служба Национальной гвардии РК

Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері бес тұрғынды құтқарып қалды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, зардап шеккендер жоқ.

Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері 7 ақпанда тәртіпсіздіктер болған Қордай ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Тағы оқыңыз: Қырғызстанға өтіп кеткен 23 мың адамның қаншасы елге оралғаны белгілі болды

Айта кетсек, қақтығыс салдарынан 10 адам қаза болды, 185 адам зардап шекті. Оның 34-і ауруханаға жатқызылған. 39 үй, 20 коммерциялық нысан және 47 көлік өртеніп кетті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз