қордағы ақшаны кімдер толық шешіп ала алады?
Зейнетақы жинағы қазақстандықтарға қай кезде толық көлемде бірден берілетінін Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз
Қазақстанда қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы жинағы ай сайын төленеді. Бұл зейнеткерлердің жиынтық зейнетақысын көбейтуге және төлемді алу мерзімін ұзартуға септігін тигізеді.
Зейнетақыны қай кезде бірден шешіп алуға болады
Зейнет жасына толғаннан кейін шоттағы ақша ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, онда бірден толық көлемде шешіп ала аласыз.
Тағы оқыңыз: Вице-министр ер азаматтар 55 жасында зейнетке шыға алатынын айтты
2019 жылы бұл сома 433 296 теңгеге тең, яғни барлық жинаған зейнетақыңыз осы сомадан аспаса, толық алуға мүмкіндік бар деген сөз.
Тағы оқыңыз: Атаулы әлеуметтік көмек: кімге және қанша төленеді?
Зейнет жасына жеткен салымшылар және 1, 2 топтағы (өмір бойына мүгедек болып қалғандар) мүгедектер зейнетақы жинағын кесте бойынша ала алады.
Зейнетақы аннуитеті деген не
Зейнетақы аннуитеті ерлер мен әйелдерге зейнетке ерте шығуға мүмкіндік береді. Зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін сақтандыру компаниясымен келісімшартқа отырасыз. Бірақ, ең алдымен шотыңызда зейнетақы аннуитеті келісімшартын бекітуге жеткілікті ақша болуы керек.
Егер ақшаңыз жетіп тұрса, ерлер 55 жастан, ал әйелдер 2019 жылы 51 жастан зейнетке шыға алады. Айта кетсек, әйелдердің жасы біртіндеп 2027 жылы 55 жасқа дейін өседі.
Сақтандыру компаниясына аударылуы тиіс қажетті соманы есептеу үшін enpf.kz сайтында орналасқан зейнетақы калькуляторын қолданыңыз.
Деректер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынды.
sputniknews.kz