«Қоқыс мемлекет»: Әлемде экономикасы нашар жаңа ел пайда болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ливан әлемнің экономикасы нашар жаңа еліне айналды — оның тәуелсіз рейтингтерін бірнеше күн бойы екі жетекші әлемдік агенттігі төмендеу жағына қайта қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ливан

Moody’s және S&P Ливанның тәуелсіз рейтингін инвестициялық деңгейден төмен деңгейге дейін азайтты — сондай-ақ оны «қоқыс» деп атады. Мұның себебі — мемлекеттік қарыздың тым көп болуы, қазіргі уақытта ол ЖІӨ-нің 160 пайызына жетеді. Бұл 1990 жылдан бастап, елде 15 жылға созылған азаматтық соғыс аяқталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

Сонымен қатар, сарапшылар ливандық компаниялардың корпоративті қарызына қаражат салған инвесторлар үшін қауіптенеді. S&P есебінде жағдай «виртуалды дефолтқа» жетті деп көрсетілген.

Осы факторлардың барлығы, номиналды құны 1,2 миллиард доллар болатын мемлекеттік еурооблигациялар шығарылымының кезекті шығарылу мерзімінің жақындауымен бірге, шығарылымдағы бағалы қағаздардың бағасы 69 пайызға төмендеп, жаңа инвесторлардың кірістілігін мың пайызға дейін өсуіне алып келді.

Экономистер Ливанның құрылымдық дағдарысы туралы айтады. Олардың пікірінше, бұған мемлекет тарапынан тым белсенді қарыз алу, сондай-ақ кейбір сарапшылар «қаржылық инженерия» деп атайтын Орталық банктің саясаты себеп болды. Ол АҚШ долларын және басқа шетел валютасын мемлекеттік еурооблигацияларды одан әрі сатып алу үшін жоғары мөлшерлемелер бойынша орталық банктегі банк депозиттері арқылы тартуды қарастырады.

Сонымен қатар, шетел валютасының жетіспеушілігінен туындаған ағымдағы операциялар шотының (төлем балансының құрамдас бөлігі) көп жылдық тапшылығы жағдайында банктер оның айналымына шектеулер енгізді. Атап айтқанда, олар клиенттердің долларлық шоттарынан қаражат алуға лимит орнатты. Сарапшылардың бағалауы бойынша, қазіргі уақытта банктер активтерінің 70 пайызы мемлекеттік қағаздарға немесе Орталық Банктің міндеттемелеріне тиесілі. Олар бойынша дефолт бүкіл банк жүйесінің күйреуіне әкелуі мүмкін.

 

stan.kz