«Қонақүйге айналмақ»: Өскеменде Даниал Ахметов тұрған Назарбаевтың резиденциясы сатылымға шығарылды

0

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметовке тиесілі болған Өскемендегі резиденция қонақүйге айналмақ. Бұл туралы ақпарат электронды сауда сайтында аукцион пайда болды.

Ғимарат Өскемендегі Үлбі өзенінің бойында орналасқан. Барлық өтініштер шілденің 3-не дейін қабылданады. Құны 1 миллиард 115,8 миллион теңге деп көрсетілген. Ал оған қатысушылар 167,3 миллион теңге кепілдік жарнаны ұсынуы тиіс. Ғимарат ауданы 3180 шаршы метрді құрайды.