Қонақүй ғимараты опырылып түсті — видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Төтенше жағдай салдарынан екі адам қайтыс болды. Жиырма адам зардап шекті. Қонақүй құлаған кезде ғимаратта жүзден аса адам болған

АЛМАТЫ, 13 қазан— Sputnik. АҚШ-тың Луизиана штатындағы Новый Орлеан қаласында салынып жатқан Hard Rock қонақүйі көзді ашып-жұмғанша жермен-жексен болды.

Төтенше жағдай салдарынан екі адам көз жұмды. Жиырма адам ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болған екі адам да құрылысшы болған, деп хабарлайды CBS News.

Полицейлер бірнеше көшені жапты. Көрші ғимараттарда жұмыс істейтін адамдар эвакуацияланды. Штат губернаторы оқиға орнына жетті.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанның қақ ортасында асфальт опырылып түсті – фото

Құрылыс жоспарына сәйкес, қонақүйде 350 бөлме болуы тиіс еді. Ішінде аумағы 3 500 шаршы метр болатын кең холл салу жоспарланыпты.



sputniknews.kz