Қонақтарды күтеміз, күнделікті сабақ жоспары

0
Білім беру саласы: Коммуникация
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Апта тақырыбы: Өзім туралы
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз
Мақсаты:
А) Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету, ыдыс – аяқ түрлерімен таныстыру.
Ә) Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру; Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.
Б) Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ыдыс — аяқтар – посуды, ас үй – кухня, асхана – столовая.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, мазмұнды – рөлді ойын құрадары, ыдыс – аяқтардың суреттері, гүлдер.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

Ұйымдастырушы
ізденуші Гүл шоғы» ойынын ойнату.
Мақсаты: балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Қолданылуы: Ортада тұрған құмыраға өз есімдерін айтып, қолдарындағы гүлдерін салады.
— Балалар бұл не?
— Дұрыс айтасыңдар.
— Енді не істейміз бұл гүлді?
— Балалар сендердің үйлеріңе қонақтар жиі келе ме?
— Сендер үйге келген қонақпен қалай амандасасыңдар?
Дұрыс балалар, амандасамыз, қал — жағдайын сұраймыз.
Үстел басына шақырамыз.
— Үстелге не төсейміз?
— Дастарқанға не қоямыз?
— Тағамдарды неге саламыз?
— Ыдыс – аяқтардың қандай түрлерін білесіңдер?

Жарайсыңдар балалар, осы ыдыстардың түрлерімен жақын танысу мақсатында біз қазір сендерге күнде дәмді тағам дайындайтын аспазшыға саяхат жасайықшы.

— Сәлеметсіз бе аспазшы?
— Балалар мен сендерді ыдыс — аяқтардың түрлерімен таныстырамын.
Кастрөл – ет, сорпа дайындауға арналған үлкен ыдыс.
Шәйнек – шай ішуге арналған, оның ішіне сендер күнделікті ішетін сок немесе кисель құюға болады.
Таба – жұмыртқа пісіруге, рожки, картоп пісіруге арналған.
Тәрелке – дайын тағамды салуға арналған.
Кесе – шай ішуге.
Қасық – тамақ жеуге.
Шанышқы – тамақ жеуге арналған.
Қасық тәрелкенің оң жағында, ал шанышқы сол жағында тұруы тиіс.
Пышақ – нан кесуге, ет турауға арналған. Пышақты балаларға қолдануға болмайды.
Ыдыстардың түрлеріне тоқталу:
Дидактикалық ойын:
«Түріне қарай топтастыр»
Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Шарты: Үш бала қатысады. Қысқы киімдер, ыдыстар, үй жиһаздарын ажыратып жинау керек.

Сергіту сәті:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз

Рефлексивті коррекциялаушы
Қол ұстасып құрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау – саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: ыдыстарды және олардың атқаратын қызметін білуі;
Игереді: жаңа сөздерді, ізгі сөздерді айтуды;
Меңгереді: ыдыстардың түрлерін ермексазбен мүсіндеуді, субояқпен бейнелеуді.
Қонақтарды күтеміз жүктеу
Уақыт пен кеңістікті бағдарлау жүктеу
Үлкенге құрмет, кішіге ізет жүктеу
Өзім туралы жүктеу
Алма бағы жүктеу
Жемістер мен көкністер жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/