Қонаевта балаларының туған күнінде көкпар ұйымдастырған ер адам кешірім сұрады
2 қыркүйекте кешке «Береке» кафесінің маңындағы Алматы-Өскемен Республикалық маңызы бар тасжолының бойында, бір топ адам көкпар ойының өткізгені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Алматы облысының полиция бастығы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
1979 жылғы ер адам балаларының туған күніне орай Қонаевтың шетінде «Көкпар» ұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды.
Қазір полиция қызметкерлері іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын Қоняев ҚПБ-на жеткізді.
Қазір барлық адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434, 406, 590 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.