Қонаев қаласында ТҮКШ саласы цифрландыру сатысында

0

Алматы облысының орталығында «I Qonaev» жобасы іске асырылу үстінде.

Бұл тұрғындардың жаңа баспана алған жағдайда коммуналдық төлемдерді өтеуі үшін бастапқыда тиісті мекемемен келісімшартқа отыруын жеңілдетеді. Яғни, барлық қағаз басты жұмыстар онлайн түрде өткеріледі.

Мұнымен облыстық Цифрлық технологиялар басқармасы атқарып жатқан жұмыстар толастар емес. Олар халықтың уақытын үнемдеп, тұрмыс-салтын оңтайландыру үшін арнайы қызметтер түрін ұсынып келеді. Соның бірі — «бірыңғай төлем жүйесі».

Бұл қызмет түрі бұқараның ай сайынғы коммуналдық шығын түбіртектерінің бір жерде жинақталып келуіне жағдай жасамақ. Бұрынғыдай әр коммуналдық қызметтің айлық шығыны жазылған түбіртек жеке-жеке ұсынылмайтын болады.

Бір сөзбен айтқанда «бірыңғай төлем жүйесі» — коммуналдық шығындарды төлеудегі бір ізділік.