«Қонаев аппақ адам емес, ол — коммунист»: Тарихи тұлғаға баға берген журналист елдің сынына ұшырады (ВИДЕО)

0

Желіде документалист әрі журналист Әлия Әшімнің Дінмұхамед Қонаев туралы айтқан сұхбатының үзіндісі тарады.

Әлия Әшімнің сөзінше, Қонаев — коммунист.

«Мен үшін Қонаев аппақ адам емес. Қонаев — коммунист. Оны кім қалай түсінеді? Қонаев — Кеңес адамы. Дегенмен, Республиканың мүддесі үшін істеген адам. Бірақ мен келіспейтін кей шешімдер бар», — деді журналист.

Документалистің бұл пікірі көпшілікке ұнамаған сыңайлы.

«Сен кімсің Қонаевқа баға беретін?», «Хайп үшін енді Қонаевқа асылдыңдар ма?», «Ол кісіге баға беретін сен емес. Тарих бағасын беріп қойған ұлы тұлға», «Сорлылар-ай, Қонаевтың тырнағына да тұрайсыңдар ғой», «Ал сіз Қазақстан үшін не істедіңіз», — деп жазды желі қолданушылары.