“Қолында пышақ бар, үш адамды өлтірген” — Ақтау тұрғындарын күтпеген хабарламалар қорқытуда
Ақтау тұрғындарын пышақпен қаруланған адамдар туралы хабарламар қорқытты.
WhatsApp-та қолына пышақ ұстаған адамдардың фотосы таралуда. Тіпті олардың 29 шағын ауданда үш адамды өлтіргені туралы жазылған. Фотода ер адам мен әйелдің бар екенін аңғаруға болады.
Ал әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылар оларды діни ұйымның өкілдері деп тануда.
Өңірдің полиция департаменті басылымға бұл хабарламалардың жалған екенін және Азаматтарға жалған ақпарат таратқаны үшін жаза тағайындалғанын ескертті.
Фото: lada.kz