«Қолымнан келгенше көмектесем»: Бүркіт қайыр сұрап отырған жанға көмектесті (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Аты жаман ауру елді жайлағалы бері қарапайым халыққа қол ұшын созып, жақсылық жасаумен жарысып жатқандар баршылық. Әсіресе, өнер адамдары бұдан қалыс қалар емес. Солардың ішінде әнші Бүркіт те мұқтаж жандарға азық-түлік таратып берді. 

Бүркіт көпшілікке азық-түлік таратты. Әншінің өзі үй-күйсіз жанға да бір қапты өзі барып ұсынды. Мұқтаж жан сөйлей алмаса, да басын изеп, алғысын білдіріп жаттты.

Желіде жарияланған видеодан әншінің көлікпен азық-түлік тиеп келіп, әр адамға бір қаптан таратқанын көруге болады. Қажет еткен адамдар бір-бір қаптан өздері әкетіп жатты. 

«Мұңаймаңыздар, бауырларым. Қолымнан келгенше көмектесемін. Бәрі жақсы болады. Бұл маған тәңірдің бергені. Бүгін біршама азық-түлік алып, таратып келдік. Біз біргеміз», — деп жазды әнші парақшасында. 

Желі қолданушылары бұған бей-жай қалмай, пікірін жазып жатыр. 

«Менің байғұс халқым, біз онсыз да азбыз ғой, дендеріңіз сау болсын!», «Айбек мырза! Халыққа жасап жатқан жақсылығыңыз, бір алладан сіздің отбасыңызға денсаулық, бақыт, қуаныш болып қайтсын, сіздей жүрегі кең, адал азаматтар көп болсын, аман жүріңіз», «Алла еселеп қайтарсын аға, ұлдарыңыздың қызығын, қызметін көріңіз», «Отбасыңыз аман болсын. Алланың назарында болыңыз», деп жазды олар.

«Жақсылықты жария етпеген абзал» деп меңзеді кейбір оқырмандары. 



stan.kz