Қолданыста болған хостелдер мен қонақ үйлер жатақханаларға айналады – Саясат Нұрбек

0

Саясат Нұрбектің дерегінше, 1 қыркүйектен бастап нормативтік-құқықтық талаптар күшейіп, заңға тиісті өзгерістер енгізілген, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Енді жоғары оқу орындары осы оқу жылының қыркүйегінен бастап студенттердің кемінде 70 пайызын жатақханамен қамтамасыз етуі керек. Бірінші жыл қабылданғанда 100% қамтамасыз етілуі тиіс. Соңғы бағытқа келсек, қолданыста болған бизнес орталықтары, хостелдер, қонақ үйлерді реконструкциялау бойынша нормативтік субсидиялар да ұлғайтылып отыр. Бұл да Үкіметтен сол объектілерді жатақханаларға айналдыруда үлкен көмек болады», – деді ол.

Фото: tengrinews.kz