Қол-аяғы жоқ 10 жасар қыз жазудан байқауға қатысып, жеңіске жетті
Қол-аяқсыз дүниеге келген 10 жасар Сара Хинсли өзін ештеңе де тоқтата алмайтынын дәлелдеді. Ол каллиграфиядан өткен байқауда жеңіске жетті.
Сара АҚШ-қа 4 жыл бұрйын келген. Алайда ағылшын тілін жылдам меңгеріп алыпты. Оның анасы Катрин Хинслидің сөзінше, қызы барлығын өзі жасауға тырысады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Washington Post басылымына сілтеме жасап.
«Ол нені жасап, нені жасай алмайтынын сезеді. Қолынан келгенді өздігінше жасайды», — дейді анасы.
Сара жазуды тез үйреніп алған. Ол қарындашты екі қолымен қысып ұстайды. Кішкентай қыз каллифграфияны өнер деп біледі екен. Әріптердің қалай жазылатыны ұнайды, ол да өнер ғой, дейді Сара.
Биылғы жылы ол Өңірлік католиктік мектептің атынан жазудан байқауға қатысып, бірінші орынға ие болған. Байқауда Николас Максим атындағы арнайы номинация бар. Бұл номинация бойынша мүгедек балалар жарысқа түседі.
«Оның әлденені жасай алмайтынын айтып шағымданғанын көрген емеспін. Ол – нағыз жұлдыз. Сара берілген тапсырманың бәрін орындауға тырысады», — дейді мұғалімі.
stan.kz