Қояншығы ұстаған бишіге мән бермеген танымал әнші сынға қалды – видео
Игги Азалия бишілердің бірі құлап қалғанын көрсе де, ән айтуды жалғастыра берген. Алайда концертті бәрібір тоқтатуға тура келді
АСТАНА, 31 желтоқсан — Sputnik. Танымал хип-хоп орындаушының концерті кезінде бишінің қояншығы ұстап қалды.
Әнші Игги Азалия Рио-де-Жанейродағы стадионда өнер көрсетіп жатып биші қыздардың бірі құлап қалғанын көрсе де, аса мән бермеген. Ол ән айтуды жалғастыра берген.
Бірақ бірнеше минуттан кейін зардап шегушіге көмек көрсету үшін концертті бәрібір тоқтатуға тура келді.
Азалияның тыңдармандары әлеуметтік желілерде әнді бірден тоқтатпағаны үшін оны мейірімсіз деп айыптап жатыр.
Орындаушы Instagram-дағы парақшасында неліктен ән айтуды жалғастыра бергенін түсіндірді. Айтуынша биші аяғын қайырып алған шығар деп ойлаған. Ол бишінің ыстық пен жарықтан есінен танып қалғанын атап өтті.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/