Қоғамдық ұйымдар түрмеде радикалдардың көбейіп жатқанына алаңдаушылық білдірді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Бүгінде терроризм үшін сотталғандар мен басқа қылмыскерлер бірге отырады. Ондайда мықты идеологиялық жұмыс қажет

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қоғамдық ұйымдар қамауда отырғандардың арасында радикалдардың көбейіп жатқанына алаңдап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қамауға алынғандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша коалицияның басшысы Константин Гудаускастың айтуынша, аталған ұйымның өкілдері түрмелерде жиі жүреді. Сол жерде терроризм үшін сотталғандар мен басқа қылмыскерлерді бірге ұстайды. Ондайда мықты идеологиялық жұмыс қажет.

Тағы оқыңыз: «Қасапшылар түрмесіне» алғаш рет әйел түсті

«Біз бір аптаның үш күнін колонияларда өткіземіз. Біздің байқағанымыз, қазіргі кезде түрмеде отырғандардың арасында радикализация күшейіп келеді. Сотталғандардың ішінде ислам дінін басқаша түсініп, бұрыс жолға түскендер өте көп. Бізді осы мәселе алаңдатып отыр. Сондықтан қылмыстық атқару жүйесі комитетінің нақты ұстанымы болмаса, аталған проблемалар қала көшелеріне шығып кетуі әбден мүмкін», — деді Гудаускас журналистерге берген сұхбатында.

Қылмыстық атқарушы жүйесі комитеті аталған пікірмен келіспейді. Сотталғандардың арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының бастығы Бекболат Шәкіровтың сөзіне қарағанда, бүгінде қамауда отырғандарды бөліп ұстамаса да, радикализация мәселесі ушығып тұрған жоқ.

«Бізде екі жыл бұрын теологиялық оңалту қызметі құрылған болатын. Қазіргі кезде 133 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Сондықтан радикализация ушығып тұр деген пікір қате. Бүгінде сотталғандармен жасап жатқан шараларымыз өте көп. Оған теолог мамандар да, имамдар да тартылады. Біз арнайы бейнематериалдарды жасап, сараптамадан өткен кітаптарды таратып отырамыз», — дейді Шәкіров.

Тағы оқыңыз: Тәжікстан түрмесінде 29 тұтқын мен 3 қарауыл өлтірілді

Оның айтуынша, түрмеде имамдар мен теолог мамандарға қарсы шығатындар жоқ. Сотталғандар, керісінше, арнайы сабақтарды өткізіп, діни сауаттарын ашуды сұрайды. Имамдардың келгенін қалайды.

«Қылмыстық атқару кодексі бойынша әрбір сотталған арыз жазып, имамды шақырта алады. Имам келеді де, онымен сұхбат өткізеді. Бұдан бөлек, теологтар келіп, дәрістерін оқиды. Негізі, бостандықта жүріп, басқа діни ағымға кіріп кеткендер түрмеге түскеннен кейін бізден көмек сұрайды, дұрыс бағытқа түсіруді қалайды. Оларды оқшаулап ұстау деген жоқ. Cотталғандармен бірге отырады. Тәрбие жұмысы да барлығына ортақ жүргізіледі. Біз оларды бөлмейміз», — деді Шәкіров Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

 



sputniknews.kz