Қоғамдық көлікте қарияны қорғаған қызға Алматы әкімі алғыс білдіріп, марапаттады
Алматы әкімі Ерболат Досаев 15 жасар Жаннұр Нұржанға қоғамдық көлікте қарт адамға көмек көрсетудегі мейірімділігі, батылдығы үшін грамота мен естелік сыйлық табыс етті.
Жаннұрдың қатысуымен болған бейнежазба тамыз айының соңында танымал болған еді. Алматыдағы 119-автобуста зейнеткер тосап төгіп алған. Қоғамдық көліктегі кісілер қарияны балағаттай бастапты. Ал Жаннұр қартты қорғап, төгілген тосапты үстіндегі сырт киімімен сүрткен.
Желі қолданушылары Жаннұрға алғыстарын білдіріп жатыр. Қыздың әрекетін Алматы әкімі де жоғары бағалады.
фото: orda.kz