Қоғамдық көлік, сауда орталығы мен дәмхана жұмысына қатысты ақпарат тарады

0

Қалалық штаб коронавирустың таралу қаупі әлі жойылмаған айтты. Тұрғындарға үйден шығуға қатаң тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Елорданың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық штабы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұрынғыдай үйден азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық қызмет пен жұмысқа бару үшін ғана шығуға болады.

«Адам көп жиналатын орындар — кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар, дәмханалар (онлайн-тапсырыстардан басқа) жабық қала береді. Қоғамдық көлік жүрмейді», — деп жазылған хабарламада. 

Қалалық штаб коронавирустың таралу қаупі әлі жойылмаған айтты. Тұрғындарға үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға, медициналық қызмет алу үшін және жұмысқа бару үшін үйден шығуға рұқсат.

«Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтап, барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс. Қазіргі таңда біз осы жағдайға немқұрайлы қарап жатқан тұрғындардың бар екенін көріп отырмыз. Көшеде жүруге қатаң тыйым салынады. Инфекцияның таралуына және коронавирустың өршуіне жол бермеу қажет. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы туралы ойлаңыз», — деп атап өтті қалалық штабта. 

Сондай-ақ, 13 сәуір күні төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтетіні хабарланған болатын. Отырыста жұмысын қайта бастай алатын кәсіпорындардың нақты тізімі қаралады. Кәсіпорын қызметі біртіндеп жаңартылады. Алайда жұмысын қайта бастайтын нысандар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге міндетті болады.

Карантин режимінің өзгеруі туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында шығады. 



sputniknews.kz