Қоғамдық даулар қалай шешіліп жүр?
Қаңтардың 6-сы күні жүздеген адам Қарағанды орталығына жиналып, кісі өлтірген адамды ұстауды талап етті. Наразыларға Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов шығып, «әкім ретінде, президенттің өкілі ретінде» іс соңына дейін тексерілетінін айтып, уәде берді.
Қарағандыдағы оқиға әлеуметтік желі арқылы өте қызу талқыланды. Оқиғаның қоғамда даулы тақырыпқа айналуы неліктен? Адам өлімі болған мейрамханаға ертеңіне жиналған ондаған адамның, қаңтардың алтысына әкімдікке жиналған жүздеген жанның талабы не болды? Бұл оқиғада ұлтаралық араздық мәселесі байқалды ма? Ұйымдастырушылар бар ма? Қоғамдағы мұндай даулар кімге тиімді? Кикілжіңдер мен әлеуметтік шиеленістерді шешудің қазақстандық үлгісі қандай? Осы және өзге де маңызды оқиғаларға қатысты сауалдарға саяси сарапшы Дос Көшім жауап берді.
Дереккөз: Азаттық