Қоғамдық әжетхана неге қараусыз қалды?
Павлодар қаласының тұрғындары бюджеттен 5,4 млн теңге жұмсалып салынған қоғамдық әжетхананың қазірде есігі сынық, жартылай бүлінген, іші өте лас қараусыз нысанға айналғанына қынжылады. Жергілікті билік өкілі жұмысы тоқтап тұрған әжетхана қала балансынан алынып, коммуналдық меншікке берілетінін айтады.
Дереккөз: Азаттық