«Қоғам қотыры»: Алматылық жігіт шешінген қазақ қыздарын жер қылды (видео) — новости Казахстана
Отандық танымал блогер желіде жалаңаштанып танылған қазақ қыздарын сынға алған видеосын жүктеді. Жас жігіт Байзақова мен Нарчаева сынды сылқымдардың қоғамға кері әсерін алға тартып, нағыз мақтан тұтарлық қазақ аруларын көрсетті деп жазады NUR.KZ.
Instagram желісіне жарияланған видеода Қанағат Жүнісбеков ән арқылы соңғы кездері қызу талқыланып жатқан «шешінгіш» бойжеткендер мәселесін көтерген.
Халық үшін қауіпті деп ол Айжан Байзақова, Шырын Нарчаева, Динагүл Тасова мен Замира Сұлтанды таңдаған. Ол ерсі қылығымен танымалдылығын арттырып жатқан қыздарды түк қалдырмай сынап, көпшілікке кімді үлгі тұту керектігін жеткізген.
Жас блогер барша қыздарға жалаңаш жұлдыздарды пір тұтпай, осындай тұлғалардан үлгі алуға кеңес берді.
Қанағат Жүнісбековтің видеосы желі қолданушылары тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Оқырмандардың басым көпшілігі блогер үндеуінің орынды екенін айтып, оның пікірімен толықтай келісетінін жазуда.
Дереккөз: kaz.nur.kz