Қоғам белсендісі Түркістандағы тайқазанға қақпақ жасауды ұсынды

0
1

Қасиетті Тайқазанға қақпақ керек.

Қазақ халқының бас қазаны – Түркiстан қаласында тұрған қасиеттi “Тайқазан”.
Бұл “Тайқазанды” аталарымыз қазақтың ырысы, байлығы, қазынасы, құты деп қастерлеген.

Кеңес үкiметi 1934 жылы Түркiстандағы қасиеттi “Тайқазанды” “Санкт-Петер­бургтегi орталық мұражайға қоямыз” деп алып кеттi. Сол қасиеттi “Тай­қазанмен” қазақтың барлық ырысы, қазынасы бiрге кеттi.

Арада 55 жыл өткен соң 1989 жылы қазақтың бiртуар ұлы, ұлт жанашыры Өзбекәлi Жәнi­беков ағамыз қасиеттi “Тайқазанды” Қожа-Ахмет Яссауи мұражайына қайта орнатты. “Тайқазан” елге ырыс ала келдi. Қасиеттi “Тайқазан” қайтып оралған соң, екi жылдан кейiн қазақ тәуелсiз ел атанды.

Қазақтың кең байтақ жерiн­дегi бар байлықтың қожасы қазақ болып едi. Бiрақ қазақ бар қазынадан қайыр көрмей отыр. “Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетедi” деген мақал бар. Бiздiң қасиеттi “Тайқазанымыз” Ресейден қақпақсыз қайтты. Қазақтың бар қазынасы, ұстағанның қолында, тiс­теген иттiң аузында кетiп жатыр. Қара қазан қайнап тұр, бi­рақ қазақ ашқұрсақ жүр. Қа­зақтың өз байлығы өзiне бұйырмай, алақан жайып шетелдерден қарызға ақша сұрап жұр.

Осылардың бәрiн саралай келе ме­нiң ұсынысым: бiрiншi­ден, Түркiстан­дағы қасиеттi “Тайқазанды” өзiне сай қақ­пақпен жабу керек. “Тайқазанның” көшiрмесiн жасауға, шетелге кубок етiп таратуға, ойыншық етiп сатуға, саяси ойын құралына айналдыруға қатаң тыйым салған жөн. “Артық қыламыз” деп тыртық қылып жүрмейiк. Ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың салт-дәстүрi, ырым-тыйымдары босқа далаға кетпейдi. “Елден қазан кетсе, қазақтан ырыс кетедi” дегендi ұмытпайық.

Жәнібек Қожық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз