Қоғам белсендісі Дәурен Абаевтың орнын босатып, жауапқа тартылуын талап етті
Президент әкімшілігі Басшысының 1-ші орынбасары ДАУРЕН АБАЕВ орынын босатып, жауапқа тартылсын!!!
*****
Мен, Қазақстан Республикасы азаматы Өстемір Жандос Лесбекұлы, Президент әкімшілігі Басшысының 1-ші орынбасары ДАУРЕН АБАЕВТЫҢ Мемлекеттік тілде қызмет ала алмай, талап етіп жүргендерді «ПЕЩЕРНЫЙ НАЦИОНАЛИЗМ» дегені дөрекі және менің ар-ожданым мен қадiр-қасиетiме нұқсан келтiреді және қорлайды!!!
*****
Даурен Абаев мемлекеттік қызметкер ретінде «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңында бекітілген
— Мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін САҚТАУ және НЫҒАЙТУ;
— Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтау МІНДЕТТЕРІН бұзды деп санаймын,
*****
Даурен Абаев Президент әкімшілігі басшылығы өкілі бола тұра, Президент Тоқаевтың «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЗАҚ тілінен басталады» — деген қағидасына ҚАРСЫ әрекет жасап, мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге МІНДЕТТЕРІН бұзды деп санаймын!
*****
Даурен Абаев бұл әрекеттерімен ҰЛТТЫҚ алауыздықты қоздыруға, ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған қасақана әрекет жасады деп ойлаймын, сол сияқты ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ұлттық қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың ТОЛЫҚҚАНДЫ ЕМЕСТІГІН насихаттап отыр деп санаймын, оның үстіне Даурен Абаевтың бұл іс-әрекеттері жария, БАҚ, телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалғанын ескере отырып, ЗАҢДЫ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫН ТАЛАП ЕТЕМІН.
*****
Осы себептерден Президент әкімшілігі Басшысының 1-ші орынбасары Даурен Абаевтың ЖАЗАЛАНУЫН және ОРЫНЫН БОСАТУЫН ТАЛАП ЕТЕМІН!!!
Жандос Лесбекұлы Өстемір, Facebook парақшасынан