Қиын сәтте партияның кадрлық және адами әлеуеті толық қолданылмады – Президент «Nur Otan» туралы

0

ҚазАқпарат – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясына нағыз көшбасшыларды белсендірек тартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алда мынадай басымдықтарға баса назар аудару міндеті тұр. Бірінші – партия қатарындағы ынтымақтастықты нығайту, қоғамның барлық құрылымдық күштерін біріктіру. Партия өз қатарына әртүрлі қоғамдық-саяси топтардың өкілдерін, отандастардың сеніміне ие нағыз көшбасшыларды белсендірек тартуы керек. Өкінішке қарай, партияда мұндай адамдардың жеткіліксіз екенін көрдік», — деді Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде. Президенттің айтуынша, қиын сәтте партияның барлық ауқымды кадрлық және адами әлеуеті, оның барлық тармақталған инфрақұрылымы толық іске қосылмады. «Nur Otan» шынайы істердің партиясы бола отырып, оқиғалардың бел ортасында және процестердің алдыңғы шебінде болуы тиіс. Енді сырттан бақылаушының позициясында жүруге болмайды», — деді Қ. Тоқаев.