ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин: «Белдеу және жол» Назарбаевпен бірлесіп ұсынған бастама

0

Елбасы тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ресми сапармен Қытай Халық Республикасына барды. Пекинде Қазақстан Премьер-Министрін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қабылдады.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен ресми кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жылы лебізін және Мемлекет басшысының 2019  жылы ресми сапармен Қазақстанға шақыруын жеткізді. Қазіргі таңда ҚХР – Қазақстан Республикасының ірі сыртқы сауда серіктесі, елдердің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығының көптеген салаларында келешегі зор.
Өз кезегінде Қытай Төрағасы ҚР Президентіне сәлемін жолдап, мемлекетаралық қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті, әрі Президент Н. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан зор жетістіктерге қол жеткізгенін, Қытай Қазақстан халқының өзінің егемен жолымен жүруге деген талпынысын қолдайтынын жеткізді. Си Цзиньпин «Белдеу және жол» бастамасының бесжылдығына да назар аударды. ҚХР Төрағасы бағдарламаның идеясы 2013 жылғы 7 қыркүйекте Астанадағы Назарбаев университеті алаңында айтылғанын еске салып, оны Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлесіп ұсынылған бастама деп санайтынын жеткізді.

А.Ахметқазы