ҚХА-ның Жолдау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары таныстырылды

0

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елордада бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Л.Прокопенко өз сөзінде Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы, Елбасының Бес әлеуметтік бастамасымен бірге әлеуметтік әл-ауқаттың ұлттық үлгісін қалыптастырудың бір кезеңі болды деп атап өтті.

ҚХА мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауын ілгерілету және түсіндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. ҚХА-ның барлық құрылымдары Жолдауды түсіндіру бойынша 1940 (29 республикалық) іс-шара өткізді.

Парламент Мәжілісінің ҚХА-дан сайланған депутаттары өңірлерде 7780 адамды қамтыған 129 кездесу өткізді.

Жолдауды іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында ҚХА-ның 12 арнайы жобасы әзірленді.

Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасының жобасы қаралды. ҚХА Кеңесінің мүшелері Қоғамдық даму министрлігі ұсынған негізгі тәсілдерді мақұлдады.

«5 қазан Жолдау жарияланғаннан бастап, Қазақстан халқы Ассамблеясы өз жұмысын бастап кетті. Негізі осы арада атқарылған жұмысқа келетін болсақ, жалпы ұлттық жоспарға осы жолдауда берілген тапсырмаларды іске асыруға арналған шаралардың тізбегін және жобалар дайындадық. Бірінші күннен бастап, Ассмаблеяның басшылығы, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, кеңес мүшелері, біздің атымыздан сайланған депутаттар елдің арасында халыққа қажетті ақпаратты жеткізу мақсатында жұмыс істеп жатыр.

Бүгінгі таңда алда тұрған мәселерлердің бірі «әрбір азамат жолдауды қалай іске асыра алады?» деген маңызды сұрақ тұр. Себебі біздің тараптан әртүрлі аймақта 8 мыңдай адамды қамтитын шаралар өтті. Ал жоспарға келетін босақ, бүгінгі таңда этномәдени бірлестіктердің, ассамблеяның белсенді мүшелерінің ұсыныстарына сәйкес қалыптасқан жобалар арасында, ерекше айтып кететін жоба бұл «Жаңғырған ауыл». Себебі елбасы урбанизация мәселесін көтеріп жатыр, ал ол дегеніміз ауылдың деңгейін көтеру деген сөз.

Бәрімізде ауылдан шыққанбыз, сондықтан әр адам өз тарапынан кішкене болса да үлес қосу және ассамблея алдында үлкен жоспар тұр. Сонымен қатар болашақ жастардың қолында, елбасының келесі жылғы , «жастар жылы» жеп жариялағанына байланысты ассамблеяның жаңғыру жолы Республикалық қозғалысының жастары бірге жиналып, бір жылдің ішінде атқаратын шараларының «Жол картасын» әзірлеп жатыр. Оның ішінде 1000 бағыт бар, бірақ негізгі бағытын тағыда ауылға арнап отырмыз. Осының аясында қызықты шаралар ұйымдастырып жоспарланды.

Ассамблеа алдындағы мақсат халықтық бақылау. Арнайы кеңестер құрып мына мәселелерді бақылауға алады: суға, жылуға төленетін тариф дұрыс сақталуы, кедергісіз өмір сүру, мүгедектерге арналған жолдардың салынуы. Ал бүгінгі отырыстың мақсаты осындай жоспарларды кең ауқымды қамтуын кеңес мүшелеріне беріп, солардың шешімімен ортақ амал табу болып табылады» — дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Назипа Шанай.

Сонымен қатар, ҚХА Кеңесі Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеу ережелерін, аккредиттеу жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар туралы ережені, республикалық комиссияның құрамын және аккредиттеуді өткізу кестесін қарап, бекітті.

Отырыс қорытындысы бойынша, Кеңес ұйымдастыру мәселелерін қарады, сондай-ақ ҚР Президентінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының қарауына Ассамблеяның «Бірлік» алтын медалімен, «Жомарт жан» төсбелгісімен, ҚХА Төрағасының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттау бойынша кандидатураларды ұсынды.

Фото: Нұржас Жақсыбай














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ