Қазығұрт станциясында 2 жасар бала пойыз астына түсіп өлді

0
66

Қайғылы жағдай дәл осы жерде болған. Көшеге шыққан анасы мен баласы жолды қысқарту үшін пойыз астынан өтуді ұйғарыпты. Бірақ олардың таңдаған төте жолы бүлдіршін өмірін қиып әкетті. Екі жастағы балақай пойыз астынан өте бергенде вагон қозғалып, баланы жаншып кеткен, деп хабарлайды Otyrar.kz ақпарат агенттігі.

Мұндағы тұрғындар Қазығұрт станциясына өздері төте жол салып үлгерген екен. Бәрі де бұл жолдың қауіптілігін біледі. Бірақ, осыған қарамастан қатерлі жолмен өтуді тоқтатар емес. Себебі, жолды қысқарту үшін осы бағытпен жүру әдетке айналған дейді.

Қайғылы жағдай орын алған жерден 500 метр әріде жер асты өткелі бар. Бірақ, ол жерден ешкім өтпейді екен. Тіпті жол үстінде пойыз тұрса де жүргіншілер вагон астынан өтуді таңдайтын көрінеді.

Айта кетейік, дәл осындай қайғылы жағдай Шымкентте өткен жылы да орын алған еді. Өкінішке қарай, ол кезде 3 жастағы бала бақилық болды.