Қазыбек Иса қарапайым азаматтарды кім өлтіргенін айтты

0
63

Алматыда қаңтар айының басында болған оқиға әлі күнге дейін тексеріліп жатыр. Қару дүкендері тоналып, бейбіт тұрғындар қаза тауып, әкімдік ғимараты, басқа да әкімшілік маңызы бар ғимараттарға өрт қойылды. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Qazaqstan телеарнасының сұрағына жауап беріп, заңға қайшы әрекеттерді кім істегенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Бүлікші болмаса, қылмыскер не содыр болмаса, террорист болмаса адамдарды кімдер өлтірді, дүкендерді кім тонады, қарапайым жастар кімдердің оғынан қаза тапты? Интернеттегі шабуылдар да жай шабуыл емес. Өздері өлтірген құрбандарын екінші мәрте пайдаланып, оны билікке жауып жатқандар да бар», – деді ол.

«Қаңтар оқиғасына» қатысты дүкендерді тонау және басқа да бұзақылықтар бойынша 3096 сотқа дейінгі тергеу тіркелген.