ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультетіне оқуға түсуге шақырады

0

Әл Фараби атындағы ҚҰУ –де «Археология және этнология» және «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандарын дайындау мәселесі.

Құрметті түлектер, сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеіне Тарих, археология және этнология факультетіне оқуға түсуге шақырамыз!

Бәсекеге қабілетті маман даярлауда алғашқы қадамдардың бірі- теориялық білімдерін тәжірибелік тұрғыда көрсетуге мүмкіндік беретін өндірістік оқу тәжірибелері болып саналады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі – оның тарихшылдығы, қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сана болған ,…халық тарихын түсініп білу әрбір адамның өз басындағы сізім-түйсікпен астасып отырған» деген сөздері мідени категорияларды қалыптастыруға көмектеседі. Адам өмірде екі нәрседен қателеспеуі қажет: мамандық таңдауда және жар таңдауда. Сондықтан өз шығармашылық қабілетінізді шыңдау үшін «5В041900 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығына түсуге шақырымын.  Біздің «Археология, этнология және музеология» кафедрасы осы  мамандықта бакалавр және магистр дайындаумен айналысады. Білікті де білімді ұстаздар дәріс беруінің арқасында жыл сайын көптеген мамандар өмірде өз орнын табуда.

Қазіргі таңда мамандық таңдау күрделі үрдіс болып табылады. Көп оқушылар физика пәнін бағдарлы пән ретінде таңдап грантқа түсудің амалдарын қарастырады. Алайда өз қалауы бойынша көне жәдігерлерімізді зерттеумен, әр түрлі халықтардың шығу тегі, дәстүр-салты мен музейде ақпараттық танымдық экскурсия жүргізу т.б істермен айналысу өте қызық екенін ескерген жөн. Біздің кафедра республика бойынша ең алдыңғы қатардағы археолог, этнолог және музей ісі мамандарын дайындау арқылы танымал. Ғылым ордасымен, ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайымен, Ә.Қастееев атындағы өнер мұражайымен т.б. мемкеттеттік мекемелермен жұмыспен қамту бағытында тығыз жұмыс жасайды, тәжірибеден өтеді. Мұражай жәдігерлерді ұлттық тарихтың дерегі, мемлекеттік қамқорлықтағы тарихи-мәдени  ескерткіш болып табылады. Музей мұралары арқылы ұлттық тарихымызды дәріптеуде, болашақ ұрпақ тәрбиелеуде ерекше міндет атқарады. Студенттерді қуантарлығы тек ол емес, электронды кітапханада бір уақытты 270 оқырман желіні пайдалана алады және әр оқырман жеке құралдарын алып келуіне де болады. Айта кетерлігі, электрондық кітапханада желімен қатар, мультимедиялық және графикалық бағдарламалармен жұмыс істеуге де болады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Қорқыт ата атындағы ҚМУ нің 3 курс студенті ІсендірАйжан біздің университетімізде бір семестр бойы білім алып өзін белсенді студент ретінде көрсете білді.

Г.А.Мейрманова

«Қамшы» сілтейді