ҚазҰУ аймағындағы бизнес-орталық: Құлыбаевтың компаниясы Алматы әкімдігінен 34 миллиард теңге талап еткені рас па?

0

ҚазҰУ аумағының жанынан олигарх Тимур Құлыбаевтың компаниясы салған бизнес-орталықтың оқиғасы күтпеген жалғасын тапты. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың сәуір айында университет жерлері үшін сот дауы мемлекет пайдасына аяқталды: Esentai Mall жанындағы учаске коммуналдық меншікке қайтарылды.

18 қыркүйекте Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Парламент отырысында Бас прокурорға жіберілген сауалды оқыды. Онда ол ҚазҰУ жерінде бизнес-орталық салған «Atlas Development» ЖШС 34 млрд теңге шығынды өтеуді талап етіп, Алматы әкімдігіне қарсы талап арыз бергенін атап өтті. Бірақ сотқа мұндай талап-арыздар түспегені белгілі болды.

Аумақ Алматының жоғарғы бөлігінде орналасқан, ауданы — 0,7168 га. Бір кездері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тиесілі болған. Бірақ 2007 жылы Алматы әкімдігі электр қосалқы станциясын пайдалану және қызмет көрсету үшін жер алып, кейін жерасты паркингі бар көпқабатты бизнес-орталық салу үшін сатып жіберген.

Оның алғашқы иесі «Sky Engineering» ЖШС кейін оны «Бен Плюс» ЖШС-ға сатты, екінші иесі»Omirex» ЖШС, үшіншісі «Atlas Development» ЖШС . Соңғы екеуі «Кипрос» ЖШС және «Joint Technologies» ЖШС арқылы миллиардер Тимур Құлыбаевқа тиесілі. Ол жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге Halyk Bank акцияларының 69,52%-ын бақылайтын «Алмэкс » Холдингтік тобы» АҚ-ға иелік етеді. Банк бизнес-орталық салу үшін несие рәсімдеген.

2023 жылы Алматы прокуратурасы жер берудің заңдылығына тексере отырып, бұл аумақтың жер кодексін бұза отырып берілгенін көрсетті.

«Atlas Development» ЖШС бұл аумаққа 8 қабатты ғимарат салды. Жоба бойынша жаңа Deniz Park бизнес орталығы болуы керек еді. Құрылыс компаниясы жобаны іс жүзінде аяқтағанымен, соңы сотқа ұласып, жер дауы өрши түсті.

2024 жылдың сәуірінде сот Алматы әкімдігінің жерді иеліктен шығару жөніндегі әрекеттерін және одан кейінгі сатып алу-сату мәмілелерін заңсыз деп таныды. Сотта жауапкердің өкілі мұндай шешім Алматы әкімдігі мен жер қатынастары басқармасынан шығынды өндіріп алуға құқылы болатынын, оның құны 34 млрд теңгені (бизнес-орталық құрылысының құны) құрайтынын айта кетті.

«Atlas Development» ЖШС әлі күнге дейін компания жер учаскесін заңды түрде сатып алды деп есептейді. Ал депутат Бақытжан Базарбектің Алматы әкімдігінің компаниядағы талап арызының жалған екенін жеткізді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес компания мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы. Алайда, осы уақытқа дейін «Atlas Development» ЖШС ресми түрде тиісті талап-арыз берген жоқ. Сонымен бірге, компания оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік органдармен және мүдделі тараптармен сындарлы диалог құруға ниетті», — делінген хабарламада.

дереккөз: Bes.media

фото: Atlasdevelopment.kz