«ҚазТрансОйл»-дың бюджетке берері таусыла бастады
Бұл туралы Kznews.kz тілшісі хабарлайды dalainside telegram арнасына сілтеме жасап.
Ұлттық компанияның 2022 жылғы жұмысы алаңдатып отыр. 2021 жылы мұнай тасымалының операторы Қазақстан бюджетіне бар-жоғы 5,1 миллиард теңге төлеген. Алдыңғы жылдармен салыстырсақ, 2021 жылы оның бюджетке 12,3 миллиард теңге әкелгенін көреміз.
Тиісінше, ҚазТрансОйлдың таза табысы күрт құлады. 2022 жылғы таза пайда — 19,8 миллиард теңге. 2021 жылды компания 50,6 миллиард теңге кіріспен аяқтағаны есте.
Бір қызығы, Қазақстан логистикалық тізбекті жаңартып жатқандықтан, мұнай тасымалының өзектілігі жыл сайын артып келеді. Демек, ұлттық компанияның жақсы табысқа шығатын жөні бар еді.
Бірақ, 2023 жылға үміт бар. Ол ақтала ма, оны бірінші жартыжылдық нәтижелерінен байқайтын боламыз.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады. Ол ұзындығы 5373 шақырым магистральдық мұнай құбырлары мен 2105 шақырым су құбырларын бақылайды.