Home Жаңалықтар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыларға 268 млн. теңгені қайтарады

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыларға 268 млн. теңгені қайтарады

0
155

2018 жылғы 14 желтоқсан 11:17 501

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыларға 268 млн. теңгені қайтарады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыларға түзету коэффициентін негізсіз есептеуден түскен 268 млн. теңгені қайтарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Еске салсақ, 2017 жылғы 14 ақпанда Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (МАӘС) қаулысымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін, оның ішінде газ тұтынушыларға түзету коэффициенттерін негізсіз есептегені үшін 13 млн. теңгеден астам айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтынушыларына түзету коэффициенттерін есептеу тәжірибесін тоқтатуға, сондай-ақ 2012 жылдың шілде айынан бастап түзету коэффициентін есептеуден алынған қаржыны қайтару туралы нұсқама берілді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның деректері бойынша қайтарылатын сома шамамен 268 млн. теңгені құрайтын болатын.

Қаражатты қайтару бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің нұсқамасын толық көлемде орындамағаны үшін, 2018 жылғы 30 мамырдағы Астана қаласының МАӘС қаулысымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы 2,6 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған болатын.

Сонымен қатар, Монополияға қарсы комитет сотқа «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ды тұтынушыларға қаражатты толығымен қайтаруға мәжбүрлеу туралы арыз түсірді.

2018 жылғы 3 қазандағы Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2012 жылғы шілде айынан бастап тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға түзету коэффициентін есептеуден алынған қаржыны қайтару туралы нұсқаманы орындауға мәжбүрлеу туралы монополияға қарсы органның талаптары қанағаттандырылды.

2018 жылғы 5 желтоқсандағы сот шешімі заңды күшіне енді.

Осыған байланысты, сот шешімі негізінде тұтынушылар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның тиісті өндірістік филиалдарына жүгінуге құқылы.

Сот шешімімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында танысуға болады.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz