Қазпошта әлеуметтік карталарына жаңа функция енгізіледі
Қысқа сілтеме алу
Қазір картаны еліміздің бірнеше аймағында оқушылар мен зейнеткерлер көлік ақысын төлеуге пайдаланып жүр
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жақында әлеуметтік карталардың көмегімен қазақстандықтар дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, сатып ала алады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов айтты.
«Қазір бұл картаны оқушылар мен зейнеткерлер тауарларды жеңілдікпен сатып алуға пайдаланып жүр. Болашақта халықтың әлеуметтік осал топтарына дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, дәріханалардан сатып алып, үйге алдыруға мүмкіндік береді», — деді Сәкен Сәрсенов.
Оқи отырыңыз: Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқат дронмен қалай жеткізілетінін айтып берді
Қазір «Қазпошта» қызметтер тізімін кеңейту бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Бастапқыда Ақтөбеде оқушылар үшін «Әлеуметтік карта» жобасы қолға алынған.
«Біз бас кезінде бұл картаны мектептерде өткізу режимі, әлеуметтік тамаққа мұқтаж балаларды тамақтандыру қызметі үшін арнайы енгіздік. Сондай-ақ картаны автобус ақысын төлеу үшін пайдалануға болады. Көптеген әкімдікпен келісім жасағанбыз», — деп толықтырды «Қазпошта» басшысы.
Қазіргі уақытта картаны Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Петропавл және Атырау қалаларындағы студенттер мен зейнеткерлер пайдалана алады. Әлеуметтік картаны біртіндеп Қазақстанның барлық аймағында енгізу жоспарланып отыр.
«Барлық карантин шарасы аяқталғаннан кейін халық бұл картаны қолдануы үшін оны белсенді түрде шығарып, тарата бастаймыз», — деді Сәрсенов.
2020-2021 жылдары әлеуметтік карталарды Қазақстан бойынша енгізу жоспарланып отыр.
sputniknews.kz