Қазнетте колонияда жүрген Талғат Ермегияевтің видеосы тарады

0

Қазнетте колонияда жүрген Талғат Ермегияевтің видеосы тарады, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода ол бокстасып жатқаны көрсетілген.

ҚАЖ мекемесі жасақтарының бірінде түсірілген.

«Видеодағы адамдар 2021 жылдан бері бір-бірінен бөлек камерада орналасқан. Кейінірек олардың бірі колониядан босап шықты», — деді ведомство өкілдері.

ҚАЖД мәліметінше, 2021 жылдың наурызында мекемедегі тінту іс-шаралары барысында спорттық құрал-жабдықтар тәркіленді.

«2021 жылы 29 наурызда осы видеоның тарауына байланысты сотталғандар жазасын өтеп жатқан камераларды аралап шықты — қандай да бір тыйым салынған заттар табылған жоқ. Анық-қанығын білу үшін қызметтік тергеу басталды, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады», — делінген Алматы облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздар https://aitube.kz/video?id=674fbe1e-0153-4d82-b1ec-f9fbcdee724d