«ҚазМұнайГаз» басшылығы 851 775 доллар сыйақы алғанын растады

0

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) былтыр басқарма мүшелерінің 388 673 641,57 теңге көлемінде сыйақы алғанын растады, деп хабарлады Kznews.kz.

Бұл сыйақы АҚШ валютасына шаққанда 851 775 доллар болады.

Компанияның басқармасына 9 адам кіреді. Олар: Мағзұм Мырзағалиев, Нұрсейіт Сүйінов, Қуаныш Құдайбергенов, Серікқали Бірекешев, Болат Зәкіров, Дмитрий Макеев, Диана Арысова, Василий Лавренов пен Дастан Абдулгафаров.

БАСҚАРМА МҮШЕСІНІҢ ӘРҚАЙСЫСЫ 43,2 МЛН ТЕҢГЕ АЛҒАН

«ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма мүшесінің әрқайсысы 43,2 млн теңге алса, Директор кеңесінің мүшесі 21,8 мың доллар мен 10,8 млн теңгені қалтасына басқан.

Еске салсақ, бұған дейін ұлттық компаниялар өзінің тапқан табысы, жеткен жетістіктері мен сәтсіздіктері, топ-менеджерлердің алған сыйақысы туралы жыл сайын өз есептерін жариялаған болатын.