Қазіргі жүйеде байкот жариялау да іске аспайды: Эфирден кеткен Мақсат Толықбай енді саясатпен айналыспақ

0

Qazaqstan Ұлттық телеарнасының бас продюсері әрі «Ашық алаң» бағдарламасының жүргізушісі Мақсат Толықбай өзінің жеке парақшасында эфирден кететінін мәлімдеді. 

Ашығын айтайық, жаңа партия тіркетуге мүмкіндік жоқ. Мажоритарлы емес, пропорционалды жүйе болғандықтан, жеке округтен де түсе алмайсың. Қазіргі жүйеде байкот жариялау да іске аспайды.

Бірнеше партиядан ұсыныс түсті. Ұзақ ойландым. Қысқасы, алдағы сайлауда «АДАЛ» партиясының атынан кандидат ретінде қатыспақпын. Неге? Өйткені «АДАЛДАҒЫ» жастардың үлесі 60 пайыз болған соң. Қазір қоғам нақты қадамдар күтеді. Парламент заң шығарушы орган ғана емес, онда қоғамның ең өзекті мәселелері түгел айтылуы керек. Бағымды сынап көрейін. Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Нар тәуекел! Азаматтық қоғамның дамуына титтей де болса үлес қоссам деймін.

Жақында ғана «Бас продюсер» қызметін сеніп тапсырған «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасының басшылығына рақмет! Оның сыртында аптасына бес күн бойы жүргізетін «Ашық алаңым» бар.

Өткенде естеріңізде болса «Журналист саяси партияда болмауы тиіс», – деген едім. Қысқасы, бірінші желтоқсаннан бастап эфирден кетемін,- делінген автордың жазбасында.