Қазіргі көршілер неге бір-бірімен амандаспайды – әлеуметтік эксперимент

0

Қазіргі уақытта құдай қосқан көршілердің амандығы түзу емес екені жасырын емес. Тіпті адамдар Google іздеу жүйесінен «Көршілер неге амандаспайды» деген сұрақтың жауабын өте жиі іздейтін болып шықты

Sputnik Қазақстан жасырын камера арқылы әлеуметтік эксперимент жүргізіп, бірқатар сұрақтың жауабын психологтан сұрап білді.

Психологтар қазіргі заманда көршілердің бір-бірімен жөнді амандаспауының екі негізгі себебін атап көрсетеді. Біріншісі – жаппай виртуалдандыру. Қазір адамдар бір-бірімен өмірде емес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер, блогтарда отырып сөйлеседі.  

Екіншісі – көші-қон. Үйдің көптеген тұрғындары – жалдап тұрып жатқандар. Яғни, олар бұл жерде уақытша қонақтар екенін біліп, басқалармен жақынырақ танысуға ұмтылмайды.

Әлеуметтік эксперименттің нәтижесін Sputnik Қазақстанның видеосынан көре аласыздар. 



sputniknews.kz