Домой Жаңалықтар «Қажет болса, неге шешінбеске»: Айнұр Ілиясова сүйісу сахналары бар киноға түсуге дайын...

«Қажет болса, неге шешінбеске»: Айнұр Ілиясова сүйісу сахналары бар киноға түсуге дайын екенін айтты

0
1537

Қазақстандық танымал актриса Айнұр Ілиясова кинодағы түрлі ашық сәттерге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты kaz.nur.kz порталына сілтеме жасап.

Өнер иесі мұндайға жолдасы қарсы екенін бірден айтты. Алайда соған қарамастан, ол сүйісу сахналарына түсуге дайын екенін жеткізді.

Айнұр Ілиясова актер мамандығын таңдаған адам кез келген «арсыздыққа» дайын болу керек деп есептейді.

Актриса мұндай сахналарға қатысты ойын «Ревю» бағдарламасында айтты.

«Біз актерміз. Актер деген арсыз болу керек деп айтатын бізге. Театрда болсын, басқа жерде болсын, киім ауыстыру керек болса, ойбай, ары қара деп тұрмайсың. Оған уақыт та жоқ. Киіміңді шешесің, ауыстырасың. Темекіңді тартасың. Шешіну керек болса, неге шешінбеске? Қазіргі кезде, құдайға шүкір, дублерлар да бар. Жолдасым мұндайға қарсы. Бірақ мен сүйісуге дайынмын», — деді өнер иесі.