«Қазгидромет» күн құбылмалы болатынын хабарлады

0
Жылы қыс ауа райы қаңтар ит қар
Фото: Аllwallpaper.in

14 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын жауады. Көктайғақ болып, тұман түседі, жел күшейеді.

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысында жел күшейіп, бұрқасын соғады, Астанада оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Өңірде соған байланысты төтенше ескерту жарияланды.

Алматы облысында арагідік тұман түседі. Жалаңашкөл көлі ауданында жылдамдығы секундына 17-22 метрге жететін жел соғады, екпіні секундына 25 метрге дейін күшеюі мүмкін. Қызылорда облысында да тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшеюі мүмкін. Қостанай облысында арагідік бұрқасын соғып, жел күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман түсіп, жел күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.

Республикалық маңызы бар үш қаладағы ауа райына келсек, 14 қаңтарда күндіз Астанада 5 градусқа дейін аяз, Алматыда 2 градусқа дейін жылы, Шымкентте 13 градусқа дейін жылы болады.

Еске салайық, бұған дейін де еліміздің көп бөлігінде күн жылы болатыны хабарланған еді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz