Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды

0

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 2018 жылғы 29 желтоқсаннан 2019 жылғы 2 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы екі тәулікте Қазақстан территориясы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қарлы бұрқасын болып, ауа температурасы жылынуы мүмкін.

Бірақ 31 желтоқсанда бұл аймақтарда күн суытып, жаңа жыл түнінде аяз 25-30, кей жерлерде 33-38 градусқа дейін күшейеді.

Республиканың шығысында 2 қаңтар күні түнде кей жерлерде аяз минус 40 градусқа дейін
жетеді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұл аймақтарда да жаңа жыл түнінде температура 3-8, кей жерлерде 15-20 градус аязға дейін төмендейді.

Батыс облыстарда жаңа жыл күндері жылбысқы қар, тұман және көктайғақ болады. Ауа температурасының аздаған
ауытқуы көпжылдық нормаға жақын болады.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ