Қазгидромет 8 облыста ескерту жариялады

0
337

«Қазгидромет» ауа райының қолайсыздығына және көктемгі күн жылыну кезіндегі ауа райындағы құбылыстарға қатысты 8 облыста ескерту жариялады.

3 сәуірде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында 3 сәуірде күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

3 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Көкшетау қаласында түнде 3 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

3 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Түнде 3 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Атырау қаласында түнде 3 сәуірде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

3 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында 3 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.
3 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Жезқазған қаласында 3 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с болады.

3, 4 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, түнде 3, 4 сәуірде көктайғақ күтіледі. 2-4 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 3, 4 сәуірде екпіні 23-28 м/с болады.

Тараз қаласында 3, 4 сәуірде кей уақытта тұман күтіледі. 4 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа қарай ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.