«Қазфосфат» жұмысшыларының бүгінгі ереуілі: компания басшылығы жауап берді (ВИДЕО)

0
18

«Қазфосфат» компаниясының басшылығы Көксу және Жаңатас кеніштерінің ереуілге шыққан жұмысшылардың сауалына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, жұмысшылар жалақының төмендігіне және жұмыстың қауіптілігіне байланысты адам өлімінің болып жатқанына шағымданған еді.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына «Қазфосфат» ЖШС бас директорының орынбасары мен басқарма төрағасының орынбасары келген және аудан прокуроры қолданыстағы заңнамаға түсініктемелер беріп, компания өкілдері жұмысшылар сауалына жауап беріпті.

«Жалақыны көтеру туралы толық ақпарат осы жылдың 29 қарашасында беріледі. Қазіргі таңда құрылған жұмыс тобы тиісті шараларды жүргізіп жатыр. Жұмысшылар өз орындарына оралды. КисТас кенішінде де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде кәсіпорындағы жағдай тұрақты», — деп хабарлады компания өкілдері.

Айта кетсек, «Қазфосфат» жұмысшылары бұдан бұрын да наразылыққа шыққан. Олардың сөзінше, Ресейден келген жаңа басшылар қазақтарды қорлаған.

«Қазфосфат» ЖШС құрылтайшылары – Нидерландыда тіркелген Kazakhmys Resources B. V. компаниясы, сондай-ақ Нұрлан Нығматулиннің ұлдары – Нұрхан және Нұржан Нұрлановтар.

Тамыз айында компания басшысы болып Евгений Шибанов тағайындалғаны хабарланған.