«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасына қатысты тергеу аяқталды

0

Есіл өзені арқылы көпір салумен «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатын жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды.

Бұл туралы ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім болды.

Тергеу нұсқасы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванс бере отырып, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты.

«Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады»,- делінген Бас көлік прокуратурасы таратқан хабарламада.