«Қазатомөнеркәсіп» уран кен орындарын игеретін компаниясының 49%-ін Қытайға сатпақ

Сурет: inform.kz
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы 2021 жылдың маусым айының соңына дейін China General Nuclear Power Corporation (CGNPC) қытай компаниясымен «Орталық «ДП» еншілес ЖШС үлесін сату бойынша мәмілені аяқтайды, деп хабарлайды Kursiv.
Қазақстан — әлемде уран өндіру бойынша көшбасшы.
«Қазатомөнеркәсіп» Түркістан облысындағы Орталық Мыңқұдық және жалпақ уран кен орындарын игеріп жатқан «Орталық» ДП» ЖШС-ға 49%-ін сатады.
Қазақстандық тарап CGNPC және «Қазатомөнеркәсіп» — «Үлбі-ТВС» еншілес компаниясы өндіретін Атом станциялары үшін жылу бөлгіш құрамалардың (ЖБҚ) 20 жыл ішінде кепілдік берілген өткізу орнына өндіруші активтердегі үлесті сататын болады.
Келісім аяқталғаннан кейін «Қазатомөнеркәсіп» «Орталық» ДП» ЖШС-нің 51% үлесін сақтап қалады. Әріптестер жоғарыда аталған кен орындарынан уран сатып алуды қатысу үлесіне барабар жүзеге асыратын болады.