«Қазарнаулыэкспорт» РМК басшысы ұсталды
«Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі 2024 жылғы 23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша «Қазарнаулыэкспорт» РМК Бас директорының м.а. Аршат Аяғановтың ұсталғаны туралы хабарлайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — делінген хабарламада.