Қазақы бөлме: Қарақат пен Қыдырәлі Болмановтар жаңа үйіне румтур жасады (Фото)
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2024/01/65aa280165f83106259763-905x613.jpg)
Жуырда Қарақат пен Қыдырәлі Астанадағы жаңа үйіне көшті. Осыған орай Болмановтар барша жұлдызды достарын қонаққа шақырып, ас берді. Қарақаттың жаңа үйін журналист Айгүл Мүкей өзінің Instagram-дағы парақшасында көрсетті, деп хабарлайды Kznews.kz
Бұл бөлме қазақ шаңырағы қойылып, киіз үйді жабдықтары орналастырылған. Одан бөлек, жер үстел, құрақ-көрпелер бөлмпенің сәнін келтіріп, жерге отандық қолөнершілердің қолынан шыққан оюлы сырмақ-текемет төселіпті.
«Аты айтып тұрғандай, қазақтың иісі бұрқырап, аңқып тұрады. Қызыл, ашық түсті. Бөлмені сәні – атадан балаға мұра боп қалатын, мынадай текемет-сырмақтар, ескірмейтін, керемет қолөнер. Аяғыңды созып қойып, рахаттанып қыурдақ жеп, қымыз ішуге арналған бөлме», — деп таныстырды бөлмені Қарақат.
Одан бөлек, әншінің бөлмесіндегі арнайы қойма да қонақтардың көңілінен шықты. Оған әнші өзінің ерекше бұйымдарын, бағалы әшекейлері мен сахна киімдерін сақтайтынын жеткізді.