«Қазақтың үш тағдырлы мәселесі бар» — депутат Жұлдыз Сүлейменова

0

Мәжіліс Депутаты Жұлдыз Сүлейменова «Адырна» ұлттық порталының  youtu.be арнасындағы «Таразы» бағдарламасына берген сұхбатта Қазақстандағы халықтың үш тағдырлы меселесіне тоқталды. Ал журналистің «Халықтың жағдайын жақсартуға біздің әлеуетіміз жетеме?» деген сауалына:

 — Өткен сенбіде біз бұл мәселелердің барлығын көтердік. Жалпы қазақ халқының тағдырлы үш мәселесі бар. Біріншісі, жұмыссыздық (білім сапасы мен еңбек нарығы), екіншісі, кедейшілік (Министрлік тарапынан жанашырлық керек), үшіншісі, баспана.

Біз сияқты Финляндия, Эстония мемлекеттірі кедейшілік мәселесін шешкен, біз де шеше аламыз. Тек дұрыс әрі нақты нәтиже беретін әкімшілік тарапынан жобалар болуы керек. Қытайда білім сапасына ерекше көңіл аударады. Ол мемлекеттегі әр үйден бір затты жасалып шығады. Миллиардтаған халқы бар Қытай кедейшіліктен арылғанда, біздің де ол қолымыздан келеді. Билік нақты баспанаға мұқтаж әлеуметік осал топтарды анықтау керек. Қалған азаматтарға дұрыс орта мен еңбекақыны енгізе отырып, соның көлемінде қолжетімді пайыздағы несиені беру керек. Бізде «жұмыс жасайтын кедейшілік» деген ұғым бар. Көп елдер оны заңдастырған. Сондықтан осы топ өкілдерінің базалық жалақысын көтеру арқылы сапалы өмір сүру мүмкіндіктерін қарастырған. Біз де осылай жасасақ, миллиондаған адамдардые тағдырын шешуге болар еді, — деп жауап берді.

фото: aikyn.kz