«Қазақтың Мессиі» еуропалық клубқа ауысты

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Болгарияның «Левски» клубы атап өткендей, Еркебұлан Сейдахмет – Қазақстанның ең мықты жас футболшыларының бірі

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет еуропалық клубқа ауысты. Спортшыны болгариялық «Левски» клубы жалға алған екен.

«19 жастағы шабуылшы 2000 жылы 4 ақпанда дүниеге келген, Қазақстанның ең мықты жас футболшыларының бірі. 2017 жылы «Тараз» құрамында ойнап, кейін ресейлік Премьер-лиганың «Уфа» клубына ауысты», — делінген «Левски» футбол клубының сайтында.

Сейдахмет еуропалық клубқа өтуіне байланысты қысқа пікір білдірген. Қазақстандық «Болгарияның ең танымал клубында» ойнайтынына қуанып жүр екен.

«Мұнда көптеген танымал футболшылар бар. Мұнда келгеніме қуаныштымын», — деді ол.

Бұған дейін «Уфа» ФК құрамында ойнаған «Қазақтың Мессиі» бапкерлері мен командаға алғыс айтып, клубпен қош айтысты.



sputniknews.kz