«Қазақтың етін сағынып жүр»: Айнұр Тұрсынбаева Түркияда Бақтиер Зайнутдиновті қонаққа шақырды (ВИДЕО)

0

Бақтиер Зайнутдинов 19 жасында Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасаған

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева атақты «Бешикташ» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдиновті Түркияда қонаққа шақырып, арнау арнады, деп хабарлайды Kznews.kz

«Қазақтың етін сағынып жүр ғой деп тағы шақырып алдық. Арнау айтып, кішкене шабыт беріп қойдым, енді тек жеңімпаз боламын деп кетті. Үйлеріңізден қонақ кетпесін», — деп жазды ақын әлеуметтік желідегі Instagram парақшасына.

Осыдан кейін ақын футболшыға арнап арнау әнін айтты.

«Өлеңмен арнау айтуға,
Домбырамды алып, жайландым.
Отыз жыл жүрген айтыста,
Ақын қызымын найманның.

Қазаққа ортақ қыз едім,
Тараздай асыл халықтың.
Қазығына келіп байландым.
Қош келдің, бізге Бақтияр,

Қонақ болып бүгін жайландың.
Тараздың емес, қазақтың,
Мақтанышына айналдың», — деп айтыскер ақын арнау арнады.

Айта кетейік, Бақтиер Батыржанұлы 19 жасында Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасап, кейін «Астана» клубына ауысты. 2018 жылы «Астана» сапында Қазақстан чемпионы атанды. Сол жылы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Зайнутдинов өз шеберлігімен үздік ойыншылардың біріне айналып, 2023 жылы ұлттық құраманың ең үздік бомбардирі атанған.