Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова – 90 жылдық мерейтойға орай архив суреттер

0

Аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі, актриса әрі педагог, Социалистік еңбек ері, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенова биыл 90 жылдық мерейтойын атап өтуде

Бибігүл Төлегенованың өмірі әрдайым сүйікті ісі – концерттер, гастрольдер, ән орындаулар мен кездесулерге толы.

Талантты қыз шығармашылық жолын Алма-Атадағы Қазақ консерваториясының вокал-хор факультетінің студенті болған кезден бастады. Әнші Қазақ радиосында солист болып жұмыс істеді, онда танымал халық және эстрада әндерін орындады.

Тағы оқыңыз: Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды: «Әдемі қартайып келемін

Одан кейін Алма-Атадағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі труппасында солист болды.

Халық әртісі бүгінгі күнге дейін шығармашылықпен айналысады. Әншінің мол тәжірибесі сұранысқа ие, және де ол шеберлік құпиясымен бөлісіп, кеңестері мен ақылдарын аямайды.

Тағы оқыңыз: Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова «Барыс» орденімен марапатталды — фото

Тамаша дауыс иесі, халықтың сүйіктісі Бибігүл Төлегенова шығармашылығының архив кадрларын қараңыздар.



sputniknews.kz