«Қазақтың болашағы жоқ» дегендер көз алдымызда жүр — Желтоқсаншы

0
730
Сурет: elimai.kz

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Ермұханбет Қуандықов орын алған оқиғаларды баяндап берді. Желтоқсаншы сұхбат барысында сол кезде қазақтың болашағы жоқ деп айтқан азаматтардың әлі күнге дейін ел арасында, көз алдымызда жүргендігін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz басылымы.

«Сол уақытта «қазақтың болашағы жоқ» деп айтқандар әлі жүр ғой көз алдымызда. Бізді тергеген — қазақ, айыптаушы — қазақ, судья — қазақ, түрмеде қарағандар да — қазақ, зонада отырғандардың 95 пайызы — қазақ еді. Қабырғамызды қайыстырған дүние қаңтар айында «Казахстанская правда» газетінде «Халықтың атынан сөйлеуге бұларға кім ондай құқық берді?

Өңкей наркоман, алқаш, оңбағандар» деп жазылған мақаланың аяқ жағында бетке ұстар азаматтарымыздың қолы болды. Көзі тірі Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова тағы басқа жазушысымақтар бар. Сол кездері Жазушылар Одағында Колбинмен кездесу болған. Сонда екі-ақ адам біздің сөзімізді сөйлеген. «Олар да біздің балаларымыз қатаң жаза қолданбайық» деген екен. Егер де сол жерде барлығы бірауыздан біз жақта болғанда, бәлкім, түрмеге қамалмас па еді?! Тіпті сол жиында Колбиннің қолын сүйіп, «Сіз келмегенде біз құрып кетер едік» дегендер де болған», — дейді желтоқсаншы Ермұханбет Қуандықов.